Қазақстан Америкаға қарағанда қауіпсіз - турист

Сырым Қаржас
видео кадры

Турист Қазақстанның АҚШ-тан ерекшелігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматыда тұрып жүрген америкалық азамат Қазақстанның үш басты айырмашылығын атады. Оның сөзінше, Қазақстандағы өмір әлдеқайда қауіпсіз, тамақтары дәмді және салауатты өмір салты қолжетімді. 

- Ең бірінші – қауіпсіздік. Қазақстандағы өмір Америкаға қарағанда тыныш. Мысалы Алматыда кез келген уақытта, кез келген жерде қыдыруға болады. Екіншіден, тамағы. АҚШ-та қайта өңделген тағам өте көп, ал мұнда тамақ әлдеқайда табиғи әрі пайдалы: жаңа піскен көкөністер, сапалы ет. Айырмашылық бірден сезіледі. Үшіншіден, Қазақстанда барлық жерде саябақтар, спорт алаңдары мен көшедегі жаттығу құрылғылары бар. Бұл – салауатты өмір салтын ұстануды әлдеқайда қолжетімді етеді, – дейді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін канадалық турист Қазақстандағы өмір туралы айтып, екі елді салыстырған болатын.