Синоптиктер Қазақстанның жеті қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасына кері әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Метеорологтардың мәліметінше, 2025 жылғы 18 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей, Өскемен, Орал, сондай-ақ түнде – Атырауда байқалады.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.