Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің финалына өтті

Сырым Қаржас
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис құрамасының өкілі Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жартылай финалда қазақстандық спортшы италиялық Жасмин Паолиниден басым түсті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Елена Рыбакина Ресей өкілдері Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда өтіп жатқан ATP 250 санатындағы теннис турнирінің жартылай финалистері белгілі болған еді.