Тұман, көктайғақ: Сегіз облыста ауа райы бұзылады

Ulysmedia

Еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабаралайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің болжауынша, Жамбыл және Түркістан өңірінің тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Дәл осындай ауа райы Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында да күтіледі. Ал Қызылорда облысында жауын-шашын болады. Сондай-ақ, Қарағандыда жел күшейеді деп ескерту жасады.