Қырғыздар мен қазақтарға тіл тигізген боксшының экс-әйеліне айып тағылуы мүмкін

Сырым Қаржас
Фото: Sports.ru

Боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желі қолданушылары боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволдың видеосын байқаған.

- Бейнежазбада көлік жүргізіп келе жатқан әйел түрлі ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сөздер айтқан. Мұндай әрекеттерге жол берілмейді және олар ұлтаралық құрмет пен төзімділік қағидаттарына қайшы келеді. Тұратын жеріне қарамастан, әрбір адам мораль мен құқық нормаларын сақтауға, өшпенділік пен араздықты қоздырмауға міндетті. Қазір бұл дерек тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігі қорлайтын сөздер айтылған бейнежазбаға қатысты тексеру жүргізуді бастады.