Санкциялар Ресейге пайда әкеледі - Роберт Фицо

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Еуроодақтың Ресейге қарсы 19-шы санкциялық пакетін қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САНКИЦЯЛАРДЫҢ САЛҚЫНЫ БОЛА МА?

Алайда ол бұл шаралардың тиімділігіне сенбейтінін ашық айтты. Өз келісімі үшін Фицо Еурокомиссиядан ЕО аумағындағы энергия бағасын төмендетуді және іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерді сатуға тыйым салу жоспарын қайта қарауды талап етті.

Санкциялық пакет 2025 жылдың 23 қазанында Брюссельде өтетін Еуропалық кеңес отырысында талқыланады. Бұл туралы Фицо 22 қазанда Братиславадағы парламент комитетінде сөз сөйлеу барысында хабарлады. Ақпаратты словакиялық STVR телерадиокомпаниясы таратты.

Фицоның айтуынша, санкциялар Ресейге қарсы толыққанды агрессия басталғаннан кейін енгізілгенімен, нақты нәтиже бермеген.

«Санкциялық пакеттер тиімсіз. Олардың жалғыз жетістігі — ресейліктер енді өз-өздеріне жеткілікті, бұл бұрын болмаған жағдай», — деді ол.

Словакия премьері Еурокеңесті Еуропаның ішкі мәселелеріне назар аударуға шақырып, «әр саммиттің басты тақырыбы Украина болмауы керек» деп мәлімдеді.

Айта кетейік, санкцияны қабылдау үшін ЕО-ға мүше барлық елдердің бірауыздан қолдауы қажет. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан 23 қазандағы отырысқа кешігетінін хабарлап, өз дауысын Словакия басшысына сеніп тапсырған.