Қытай Қазақстанға құны 1 млрд долларлық ұсыныс жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қытай Қазақстанға 1 миллиард долларлық инвестиция ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қытай тарапы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға 1 миллиард доллардан астам қаржы салуға дайын екенін мәлімдеді.

China Energy компаниясы Қазақстанда жаңартылатын энергия бойынша екі ірі жобаны жүзеге асыруға 1 млрд доллардан астам инвестиция құймақ.

ЖОБАЛАР

Жоспар бойынша, Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясы және Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады.

– China Energy компаниясымен әріптестік – бұл Қазақстан үшін тек капитал тарту емес, сонымен қатар озық технологияларды енгізудің айқын үлгісі. Түркістан мен Қарағанды облыстарындағы жобалар – көміртегі бейтараптығына жету жолындағы біздің ортақ әрі маңызды үлесіміз, – деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.