Шұғыла Өмірбек әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

Сырым Қаржас
UWW

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

55 келіге дейінгі салмақта отандасымызға тең келер қарсылас болмады.

Шұғыла финалда Түркия елінің өкілі Туба Демирмен алтын жүлдені сарапқа салды. Белдесу қорытындысы бойынша қазақстандық балуан 12:8 есебімен басым түсті. 

ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады

– Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!, – деді Тоқаев.