Алматыда Баум тоғайында ағаштарды заңсыз кескен

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Алматы қаласында Баум тоғайында ағаштарды заңсыз кесу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мәліметінше, 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні белгісіз адамдар үшкір жапырақты үйеңкі мен ақ қараған ағаштарын заңсыз кескен.

Сондай-ақ негізінен майда жапырақты қарағаш тұқымдасына жататын 11 ағаштың кесуге дайындалғаны анықталған.

Оқиға орнынан екі қол ара мен бір бензин ара табылды. Басқарма өкілдерінің айтуынша, 24 қазан күні мұндай құқықбұзушылықтар тіркелмеген.

Қазіргі уақытта кезекші инспектор табиғат қорғау полициясына тиісті арыз жолдаған. Оқиға бойынша тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.