Таразда автобус күтіп тұрған қызды бірнеше ер адам күшпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Оқиға көпшіліктің көз алдында болған. Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен айғайлап, қарсыласқан, алайда ер адамдар оған қарамастан қызды көлікке күштеп міндігіп, алып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, қызды «үйлену мақсатында» алып қашқан болуы мүмкін.
Полиция жауабы
Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы — «Адам ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Барлық қатысушылар анықталып, жауап алынды. Тараптардың бұрыннан таныс екені және өзара шағымдарының жоқтығы белгілі болды», — делінген полиция мәлімдемесінде.
Соған қарамастан, аталған іс бойынша тергеу жалғасуда.