Өзбекстанда автогаз станциясында жарылыс болды

Сырым Қаржас
скриншот

Өзбекстанда автогаз құю станциясында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Оқиға Наманган облысының Чуст ауданында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Kun.uz хабарлауынша, 10 тонналық резервуарды орнынан жылжыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Салдарынан жарылыс болған.

«112 жүйесіне хабарлама сағат 18:47-де түскен. Оқиға орнына үш өрт сөндіру-құтқару тобы барды», – деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкер жарылыс кезінде қаза тапқан. Оқиғаның себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.