Таразда көшеде қыз алып қашқандар қамауға алынды

Сырым Қаржас
видео кадры

Таразда көшеде қыз алып қашқандар қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің сөзінше, Тараз қаласында қызды күштеп алып кету дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы — «Неке қиюға мәжбүрлеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу амалдарының нәтижелері бойынша барлық қатысы бар тұлғаларға заңға сәйкес қатаң құқықтық баға беріледі, – дейді Әлекешев. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМА

19 тамызда некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы заң күшіне енді. Енді қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. Күні кеше қыз алып қашуға қатысты алғашқы қылмыстық істер қозғалғаны белгілі болды.