Қазақстандықтар Ресейден конвоймен шығарылды

Сырым Қаржас
Фото: gov.ru

Ресейдің Волгоград облысында ондаған заңсыз мигрант анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тағы 48 заңсыз мигрант Ресейдің Волгоград облысынан шығарылды. Оларды Қазақстан шекарасына дейін Федералдық сот приставтары қызметінің қызметкерлері алып жүргені нақтыланды.
Жалпы, жыл басынан бері бұл өңірден 390-нан астам шетел азаматы елден шығарылған.

АНЫҚТАМА

Ресейде 11 қыркүйектен бастап ел аумағында болуын заңдастырмаған шетел азаматтарына қатысты құқықтық шектеулер енгізілген. Бұл шаралар олардың кейін Ресейге кіру құқығын да шектейді.