Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов балаларына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан бұғаттап қойған емеспін және балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін, – дейді Қабатов. 

Айта кетейік, Ұлысмедиа дереккөздерінің сөзінше, жақында Тұрсынбек Қабатов инсульт алған. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, актриса Мөлдір Мұқанова өзінің бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов екеуінің өміріне қатысты сұқбат беріп, қазір өзі де, балалары да қиналып жүргенін айтқан болатын. Оның сөзінше, Қабатов балаларымен кездеспек түгілі жазған хабарламаларына жауап бермейтін көрінеді. 

– Қыркүйекте, қазанда бір-бірін көрген жоқ. Жақында балалардың бәрін бұғаттап тастағанын біліп қалдым, – деді ол.