Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккен 1253 ШОБ субъекті өкілдері өтемақы алады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қала әкімі қаңтар оқиғалары кезінде зардап шеккен ШОБ субъектілерінің 88 пайызы Алматыға тиесілі екенін атап өтті.
«Алдағы 2-3 аптада кәсібі зардап шеккен бизнес өкілдерінің 82 пайызы, яғни 1253 субъектісі өтемақы алады. Қалған 274 кәсіпкерге өтемақы сараптама жұмыстары аяқталған соң төленеді. Жалпы қаңтар оқиғасында қалада 1527 кәсіпкердің мүлкіне нұқсан келтірілген»,- деді Досаев.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы биыл Алматыда 50 мың жаңа жұмыс орны құрылатынын атап өтті.