Семей қаласындағы колонияда бұрын сотталған ер адамға қатысты сот үкімі шықты — ол түрмеде отырған күйінде экстремистік материалдарды таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘЛІМЕТТЕР
Соттың хабарлауынша, ер адам WhatsApp және Telegram арқылы қарулы жиһадқа шақыратын бейнежазбалар мен мәтіндер жіберіп, терроризмді ақтап, діни өшпенділікті қоздырған.
САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Сараптама бұл контенттің террористік сипатта екенін және зорлық-зомбылықты насихаттайтынын растады. Сот оны интернет-ресурстар арқылы терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп таныды. Қайталанған құқықбұзушылықты ескере отырып, оған қатаң режимдегі колонияда 9 жыл жаза тағайындалды. Бұған дейінгі іс бойынша жазаның бір бөлігі осы мерзімге қосылып, жалпы жаза уақыты 10 жылды құрады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қазақстанда биыл экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адам ұсталған.
Ақорданың хабарлауынша, президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.
Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды.
Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.