Марко Рубио 2026 жылы Қазақстанға келмек

Сырым Қаржас
Фото: instagram

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио C5+1 форматындағы оныншы саммитке орай АҚШ Мемлекеттік департаментінде Бенджамин Франклин атындағы залда ресми қабылдау өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САММИТ ТУРАЛЫ

Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы істер министрлері қатысты.

– Мен келесі жылы барлық бес елге баруды жоспарлап отырмын. Бұл бір аптаға немесе одан да ұзаққа созылатын сапар болады, – деді Марко Рубио.

Оның айтуынша, АҚШ пен Орталық Азия елдерінің ортақ мақсаттары бар — экономиканы дамыту, жаһандық нарықтарға қолжетімділікті кеңейту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ делегациясымен кездесіп, экономика, энергетика және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың C5+1 саммитіне қатысуын талқылаған болатын.