Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.
Басқосуға қатысушылар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты.
БҰҒАН ДЕЙІН
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио C5+1 форматындағы оныншы саммитке орай АҚШ Мемлекеттік департаментінде Бенджамин Франклин атындағы залда ресми қабылдау өткізген.
Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы істер министрлері қатысты.