"Осылай қорлағанша мені өлтіре салсын" - митингіге шыққан ананың жанайқайы

Сырым Қаржас
Фото: Ұлысмедиа

Астанада мүгедек болып қалған сарбаздың анасы Гүлмира Мұқажанова жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Митингіге шыққан жалғызбасты ананың әскерге барған ұлы мүгедек болып қалған.

- Осы Қазақстанда тұрамын. Балам мүгедек. Баламды емдетпейді. Қашанғы осылай қорланамыз? Осылай қорлағанша мені өлтіре салсын. Үкіметте заң жоқ болса өлтірсін. Мен шаршадым. Қазақстан үкіметі халықты тоздырып жатыр. Неге бұға береміз? Неге аналардың құқығы тапталады? Біздің балаларымыз әскери борышын өтеу кезінде неге қорланады? Бұған кім тоқтау болады? Мен шаршадым. Неге көмек жоқ? Қанша күннен бері талап етіп жатырмын. Неге заң, әділдік жоқ? Не істейміз, қайда барамыз? Қазақстанда заң жоқ. Кім тыңдайды?, – дейді ол. 

Сарбаздың анасы “біздің баламыз кімге керек?” деп шырылдады.

- Сау кезінде керек болды. “Балаларың отанын қорғауға міндетті” дейді. Шекара ашылып жатыр. Қытайлар қаптап кіріп жатыр, оянсаңдаршы. Ертең орысқа, қытайға құл боламыз. Жер жоқ. Кімді, не үшін, балаларды әскерге не үшін қорғауға жібереміз? Шындықты айтқан адам сотталып жатыр. айгерім Тілеужан, Думан Мұхамедкәрім, Марат Жыланбаевтар не үшін шырылдап кетті? Заң, әділдік жоқтан, дейді ана. 

Бұған дейін

Еске бұған дейін әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шыққанын хабарлаған едік

Сонымен қатар, митингіге шыққан аналар қандай талап қойғаны белгілі болды.