Жаңа жылдан кейін мыңдаған қазақстандық жұмысынан айырылуы мүмкін

Сырым Қаржас
pinterest.com

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпы салмағы 25 тоннадан асатын үш осьті өзі аударғыш жүк көлігінің қоғамдық жолдарда жүруіне тыйым салынады. Бұл он мыңдаған жүргізушінің табысынан айырылуына әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл шешімді Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев жария етті. Ол 2019 жылы дәл осындай тыйым салынғанын, бірақ нәтиже болмағандықтан кейін оның күшi жойылғанын еске салды. Депутаттың пікірінше, бұл мәселені шешу емес, керісінше қолданыстағы нормалардан бас тарту. Әрбір самосвал сертификаттаудан өтеді, сондықтан шектеу енгізбестен бұрын мемлекет бұл рәсімді қайта қарауы керек еді. Бұған қоса, тыйым тек самосвалдарға қатысты, ал үш осьті шасси басқа техника түрлерінде де қолданылады. Әлиевтің айтуынша, жолдардың бұзылуына самосвалдар емес, сапасыз құрылыс себеп.

Ол тыйымды алып тастауға шақырды.

- Бір қарағанда бұл тыйым жол сапасына қамқорлық секілді көрінеді. Шын мәнінде — кәсіби емес шешім, оның тиімсіздігі бұрын дәлелденген. Егер жолдар бұзылса, оған көлік емес, сапасыз құрылыс пен нашар бақылау кінәлі. Бізде осьтік жүктеме нормалары (8–10 тонна), өлшеу жүйесі және тасымалды қадағалайтын инспекция бар. Егер бақылау жұмыс істемесе, бүкіл көлік санатын тыйым салмай, сол бақылау жүйесін қайта іске қосу қажет. Әкімшілікте тәртіп орнатудан гөрі тасымалдаушыларды кінәлай салу оңай, - деп жазды Әлиев.