«Қазгидромет» синоптиктері 11 қараша, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жетісу облысында түнде шығысында, таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығысында екпіні 15–20 м/с.
Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, таулы аудандарда 15–20 м/с. Таразда түнде және таңертең тұман.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман.
Қызылорда облысында түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман.
Павлодар облысында түнде солтүстігінде жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ. Күндіз батысы, солтүстігі, шығысында жауын-шашын, боран, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с. Павлодарда күндіз жауын-шашын, боран, көктайғақ. Жел екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысында түнде батысы мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман. Атырауда түнде және таңертең тұман.
Түркістан облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман.
Абай облысында түнде оңтүстігі, шығысы, орталығында қар, көктайғақ, боран. Батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батысы, солтүстігі, орталығында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с. Семейде жел екпіні 15–18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде қар, көктайғақ, боран. Күндіз батысы, солтүстігі, шығысында жауын-шашын, көктайғақ, боран. Солтүстігі, шығысы, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Өскеменде түнде қар, көктайғақ, боран. Жел екпіні 15–18 м/с.
Ұлытау облысында солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, көктайғақ, боран. Батысы мен солтүстігінде тұман. Жел 15–20 м/с, оңтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с. Петропавлда жауын-шашын, көктайғақ, боран, тұман. Жел екпіні 15–20 м/с.
Маңғыстау облысында батысы мен солтүстігінде тұман. Ақтауда түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысында түнде батысы мен солтүстігінде жауын-шашын, боран, көктайғақ. Күндіз де жауын-шашын, боран, көктайғақ. Батысы мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, солтүстігі, оңтүстігі, шығысында екпіні 15–20 м/с, күндіз солтүстігі мен шығысында кей жерлерде 25 м/с. Көкшетауда таңертең және күндіз жауын-шашын, боран, көктайғақ. Жел екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысында түнде батысында жауын-шашын, көктайғақ, боран. Күндіз де жауын-шашын, көктайғақ, боран. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Қостанайда күндіз жауын-шашын, көктайғақ, боран.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы, солтүстігі, оңтүстігінде тұман. Оралда түнде және таңертең тұман.