Тарифтерге мораторий енгізілуінен халық қанша қаржы үнемдейді

Ulysmedia

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде коммуналдық қызметтер құнын арттыруға мораторий енгізу нәтижесінде қазақстандықтар қанша үнемдей алатынын есептеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Комитет өкілдері халық үшін тарифтерді 2021 жылғы желтоқсан деңгейінде 180 күн мерзімге ұстап тұру бойынша жұмыс жүргізгендерін мәлімдеді.

“Осылайша, 103 монополист субъектінің тарифтері 2021 жылғы желтоқсан деңгейіне түзетілді”, – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Шенеуніктер бұл шаралар мораторийдің қолданылу кезеңінде экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретінін, бұл халықтың табысына оң әсер ететінін, нақтырақ айтқанда, тұрғындардың 3,2 млрд теңгесі үнемделетінін атап өтті. Салалар бойынша шаққанда:

жылумен жабдықтау – 1 442 млн теңге;

электрмен жабдықтау – 839,7 млн теңге;

сумен жабдықтау – 367,6 млн теңге;

су бұру-224,6 млн теңге;

газбен қамту - 318,7 млн теңге.