Сирия мен АҚШ ынтымақтастығы: терроризмге қарсы жаңа одақ

Ілияс Бақыт
BBC

Сирия «Ислам мемлекеті»  ұйымына қарсы күрес жүргізетін халықаралық коалицияға қосылуға ниетті екенін АҚШ президенті әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

BBC хабарлауынша бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сирия президенті Ахмед аш-Шараа арасындағы дүйсенбі күні Ақ үйде өткен кездесуден кейін жасалды.

Сирия «Ислам мемлекетіне» қарсы күрес жүргізетін кең халықаралық коалицияға қосылған 90-шы ел болмақ. Коалицияның мақсаты — «Ислам мемлекетінің» қалған элементтерін жою және Таяу Шығысқа шетелдік содырлардың ағымын тоқтату.

Fox News арнасындағы Special Report бағдарламасына берген сұхбатында аш-Шараа бұл сапарды «жаңа дәуірдің бастауы» деп атап, елінің АҚШ-пен ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Трамп өз кезегінде аш-Шарааға қолдау білдірді.

Бұл  екі ел басшысының үшінші кездесуі. Бұған дейін олар мамырда Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі аясында және қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясы кезінде жүздескен.

Аш-Шарааның Ақ үйге сапары — оның бұрынғы джихадист ретіндегі бейнесінің күрт өзгергенін көрсетеді. Жақында ғана ол «Хайят Тахрир аш-Шам» (Ресейде террористік ұйым ретінде тыйым салынған) тобын басқарған. Бұл топ «Аль-Каиданың» бір бөлімшесінің негізінде құрылған.

Өткен жылдың соңында аш-Шараа басқаратын топ Сириядағы шабуылға жетекшілік етіп, Башар Асад режимінің құлауына себеп болған.

АҚШ билігі «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымын ресми түрде террористік деп таныған болатын. Тек биылғы шілде айында ғана бұл топ террористік ұйымдар тізімінен алынып тасталды.