Әлемдік мұнай алыптары Қазақстандағы ірі кен орындары есебінен миллиардтаған доллар табыс табады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зерттеу деректері
Rystad Energy сарапшылары 2025–2030 жылдарға арналған бес жетекші мұнай жобасы бойынша бос ақшалай түсімнің жиынтық болжамын жасады.
Кім қанша табыс табады?
Chevron компаниясы Қазақстандағы Теңіз кен орнынан шамамен 28 миллиард доллар табыс табады;
ExxonMobil-дың Теңізден түсетін кірісі 14 миллиард доллар шамасында бағалануда;
Қашаған кен орны — TotalEnergies пен Eni үшін негізгі табыс көзі болмақ, ал Shell үшін үшінші ірі жобаға айналады.
Әрқайсысы Қашағаннан 5 миллиард доллардан табыс көреді деп болжанған.
Аймақтық маңызы
- Каспий аймағы жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты тіректерінің бірі болып қала береді және халықаралық инвесторлар үшін стратегиялық маңызы жоғары өңір. Мұнай қоры мол, инфрақұрылымы дамыған әрі серіктестік тәжірибесі сәтті елдер — әсіресе Әзербайжан мен Қазақстан — шетелдік капиталды тиімді келісімдер мен тұрақты өндіріс өсімі арқылы тарта алады. Ал Түрікменстан мен Өзбекстан да біртіндеп инвестициялық жағдайды жақсартып, халықаралық әріптестікке ашықтық танытып келеді, — дейді сарапшылар.