Бельгия құрамасының бас бапкерінің ассистенті Клод Фишо 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің ойынын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Біз ойынға мұқият дайындалып, нақты жоспар құрдық. Екінші таймда ойлағанымыздың бір бөлігін көрдіңіздер. Бірақ айта кету керек: Қазақстан қақпашысы керемет ойнады, ол жеке мадақтауға әбден лайық, – деді Фишо.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, 15 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсті. Іріктеу кезеңі қорытындысы бойынша Қазақстан 8 ұпай жинады. Ал Бельгияда соңғы матч алдындағы көрсеткіш — 15 ұпай.