Саясаттанушы Ғазиз Әбішев қазақтар мен өзбектердің арасына іріткі салып жүргендер туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бәсекелестік жайлы жарияланымдар мен мәлімдемелердің артында шетелдік саясаткерлер, дипломаттар және сарапшылар тұр. Оның сөзінше, олар екі ел арасындағы қызғаныш пен өңірлік басымдық үшін күрес туралы «қитұрқы көзқараспен» айтып, жағдайды ушықтыруға тырысады. Саясаттанушы мұндай риториканы «зиян» деп бағалады.
— Шағын өңір ішінде орынсыз қырқысып, бақталастыққа бару – іші тар адамдардың ісі. Қазақтар мен өзбектердің мақсаты биік: Орталық Азияны өмір сүруге қолайлы аймаққа айналдыру, экономикада, ғылымда, мәдениетте, спортта халықаралық деңгейге шығу. Әр ұлттың өзіне тән күшті және әлсіз тұстары бар. Қазақтардың бір бөлігі басым болса, өзбектерде басқа қабілеттер мықты. Кей жерде ұқсайды, кей жерде бірін-бірі толықтырады. Қазақ пен өзбек әрдайым мәмілеге келеді, қажет кезде бірін-бірі қолдайды, — деді саясаттанушы Telegram-арнасында.
КОНТЕКСТ
Өткен апта соңында Өзбекстанға мемлекеттік сапар кезінде президент Тоқаев Астана мен Ташкент ешқандай бәсекелес емес екенін атап өткен еді.