Қашқын олигархқа тиесілі болған санаторий жеке инвесторға өтуі мүмкін

Сырым Қаржас
t.me/shko_resmi

«Рахман қайнарлары» санаторийі бірнеше жылдан бері жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шығыс Қазақстан облысының билігі «Рахман қайнарлары» санаторийін жеке инвесторға беру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов хабарлады. Еске салайық, санаторий бұрын Анатолий Балушкиннің «БИПЭК Авто» автоконцерніне тиесілі болған. Өткен жылдың жазында нысан мемлекет меншігіне өтті.

– Бұл ШҚО-ның ең көрікті орындарының бірі. Сот даулары аяқталып, тек тамыздың соңында тиісті шешім шығарылды, кейін шағымдану мерзімдері болды. Қазір құжаттарын реттеп жатырмыз. Инвентаризация жүргізілді. Онда 92 нысан, 2000-нан астам мүлік бар. Барлық рәсімдер аяқталған соң, қалай пайдаланамыз деген мәселеге жеке инвесторға беру не мемлекеттік демалыс базасы ретінде қалдыру шешілген соң ораламыз, – деді облыс әкімі.

БАЛУШКИН ДЕГЕН КІМ

Балушкин 1970 жылы Өскеменде дүниеге келген. Бизнесін тоқсаныншы жылдары комбайндарды сатудан бастаған. Араға уақыт салып, ол Ресейден көлік әкеп сата бастады. Кейін Азия Авто мен БИПЭК Авто Қазақстан атты компания ашып, бақылаушы акционеріне айналды. Балушкиннің байлығы, сарапшылардың бағалауы бойынша бір жылдары 150 миллион доллардан асқан.

16 сәуірде Өскеменде қашқын олигарх Анатолий Балушкинге сот үкімі шықты.