Трамп пен Нью-Йорктің болашақ мэрі Ақ үйде татуласты

Сырым Қаржас
Associated Press

Жуырда Нью-Йорк мэрі болып сайланған Зохран Мамдани АҚШ президенті Дональд Трамппен алғаш рет Ақ үйде кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көпшілік екі саясаткердің бір-біріне қатысты бұған дейінгі қатқыл мәлімдемелерінен кейін бұл кездесуді шиеленісті өтеді деп болжаған. Алайда келіссөздер әлдеқайда жақсы атмосферада өтті.

BBC мәліметінше, Трамп әдеттегіден жылы қабақ танытқан. Президент өзінің әкімшілігі болашақ мэрмен ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

— Біз оған қолдау көрсетеміз. Көп мәселе бойынша көзқарасымыз ортақ екен, — деді Трамп.

Ол сондай-ақ өзін және Мамданиді Нью-Йорктің гүлденуіне деген ортақ ұмтылыс біріктіретінін атап өтті. Бұл – екеуі де ерекше жақсы көретін қала.

КОНТЕКСТ

Зо[ран Мамдани қараша айының басында өткен сайлауда айқын жеңіске жетті. Ол жаңа қызметіне келесі жылдың басында кіріседі.

Дауыс беру қарсаңында Трамп сайлаушыларды Мамданиді емес, оның партияішілік қарсыласы Эндрю Куомоны қолдауға шақырған еді. Алайда Куомо праймеризде жеңіліп қалды.

Мамдани солшыл көзқарастарымен танымал: ол мемлекеттік азық-түлік дүкендері желісін құруды қолдайды, азшылық өкілдері мен иммигранттардың құқықтарын белсенді қорғайды және Израиль саясатын бірнеше рет сынаған.