Нигерияның Нигер штатында қаруланған топ жеке меншік католиктік Әулие Мария мектебіне шабуыл жасап, жүздеген оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CNN-ге сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Нигерияның Христиан ассоциациясы (CAN) мәліметінше, содырлардың қолында 215 оқушы мен 12 мұғалім бар. Шабуыл кезінде бірнеше бала қашып құтылған.
Нигер штатындағы CAN бөлімшесінің төрағасы, преподобный Булуса Даув Йоханна ата-аналармен кездескеннен кейін, ассоциация билік және қауіпсіздік органдарымен бірігіп, балаларды аман-есен қайтару үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.
Штат билігі шабуылды қатаң айыптап, нақты ұрланғандар саны әлі нақтыланып жатқанын мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, қауіпсіздік күштері оқушылар мен мұғалімдерді табу үшін маңайдағы орман алқаптарын тексеріп жатыр.
КОНТЕКСТ
Нигерия кейінгі жылдары қарулы топтар шабуылы үдей түсті. Олар мектептерге шабуыл жасап, адамдарды оқтын-оқтын ұрлап, кейін оларды босату үшін қайтарым талап етеді. Сондай-ақ діни қауымдастықтарға да шабуыл жасайды. Елдегі жағдайды этникалық қақтығыстар мен жер және су ресурстарына талас та ушықтырып отыр.