Жаңажылдық кештер: отандық әртістердің гонорары қанша

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Желтоқсан – еліміздегі ивент-нарықтағы ең қауырт ай. Бұл айда корпоративтік кештер мен іс-шаралар көптеп өтеді, ал әртістердің кестесі тығыз. Ивент-агенттіктер мен менеджерлердің мәліметінше, биыл көп әртіс өз гонорарын көтерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШАРАЛАРҒА ӘРТІСТЕР ҚАНША СҰРАЙДЫ? 

  • Мақпал Исабекова – 25 желтоқсанға дейін 3 млн теңге, 25-28 желтоқсан аралығында 4 млн теңге, ал желтоқсанның ең сұраныс жоғары күндерінде 5 млн теңге. Ұшу мен қонақ үй шығындары бөлек –  тағы 1-2 млн теңге;
  • Айқын Төлепберген – 3 млн теңге + тұрмыстық райдер;
  • Luina – 4 млн теңге;
  • Kalifarniya және Мирас Жүгінісов – 5 млн теңгеден және ортақ райдер;
  • Роза Рымбаева – тұрақты гонорар 5,2 млн теңге;
  • Dequine – бэндпен бірге 5,9 млн теңге;
  • Қайрат Нұртас – 6 млн теңгеден басталады, нақты баға өңір мен кестесіне байланысты белгіленеді;
  • RaiM – 6 млн теңге;
  • Ерке Есмахан – шамамен 8 млн теңге;
  • Sadraddin – бір өнер көрсетуі 11 млн теңге;
  • «Ирина Кайратовна» — ең жоғарғы бағалар: 70 мың долларға дейін (шамамен 36,5 млн теңге). Командалық шығындар – тағы 8 млн теңге.

КІМДЕРДІҢ ГОНОРАРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ?

  • Қайрат Түнтеков – 500 мың теңгеден;
  • Бейбіт Қорған – 1 млн теңге;
  • Маржан Арапбаева және Мәдина Сәдуақасова – 1,5 млн теңгеден.

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН

Димаштың жеке шараларға өте сирек шығады. Оның гонорары 45 млн теңгеден басталады. Әншінің командасы әр ұсынысты жеке қарайды және ірі мәдени, қайырымдылық немесе халықаралық жобаларға басымдық береді.

Brainboy Kazakhstan жетекшісі Мария Максимованың айтуынша, жыл ішінде бағалар 20–30% өскен. Ал желтоқсанда одан да жоғарылайды — 30–70%-ға дейін. Негізгі гонорарға қосымша шығындар да бар: техникалық райдер — 1–5 млн теңге; бизнес-класс билет пен қонақ үй — 1–2 млн теңге; команда шығындары — шамамен 1,5 млн теңге.