Астанада «Ресейде білім ал» атты көрме өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, «Ресейде білім ал» білім көрмесіне 3,5 мыңнан астам адам келген. Қатысушыларға Ресейдің 45 жоғары оқу орны туралы ақпарат беріліп, РФ үкіметінің білім беру квотасы жайлы түсіндірілді.
— Ресейдегі білім қазақстандық талапкерлер арасында әлі де жоғары сұранысқа ие, ал «Ресейде білім ал» көрмесінің тоғызыншы рет өткізілуі мұны тағы да дәлелдеді, — деп санайды елшілік.
САРАПТАМА
Айта кетейік, Ulysmedia.kz бір айға жуық уақыттан бері бір сұраққа жауап іздеп жүр. Қос диплом алып шығасың деп уәде беріп, ақыр соңында ортаңқол қазақстандық университеттің дипломын ғана ұсынатын магистранттар оқиғасы саладағы күрмеулі мәселенің көрінісі ме, әлде бірінші рет болып тұрған кездейсоқ оқиға ма? Осы уақыт ішінде біз бұл туралы Саясат Нұрбектен бірнеше рет жеке сұрадық, министрліктің ресми жауабын да күттік. Бірақ сұрағымызға әлі жауап ала алмадық.