Ресей мен Қытайдың Батыспен қақтығысы Қазақстанға әсер етіп отыр — саясаттанушы

Сырым Қаржас
alarabiya.net

Қазақстан ірі державалардың бәрімен ашық саясат жүргізуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейлік саясаттанушы Станислав Притчин Орталық Азия төңірегіндегі қазіргі жағдайды қалыпты құбылыс деп санайды. Оның айтуынша, дамыған мемлекеттердің басым бөлігінің бұл өңірде өз мүддесі бар. Ол АҚШ, Қытай және Ресей Қазақстанның мұнай-газ саласында белсенді жұмыс істеп отырғанын, сондай-ақ көлік бағыттарын кеңінен пайдаланатынын еске салды. Ал Ресей бұл тізімге Қазақстанда АЭС салу жобасын да қосып отыр.

— Өңір халықаралық күн тәртібінің назарында тұр. «Бір белдеу — бір жол», ЕАЭО, Оңтүстік Азия мен Орталық Азияны Ауғанстан арқылы байланыстыру сияқты ірі жобалар — өңірдегі қазіргі оқиғаларды айқындайтын стратегиялық даму бағыттары. Сонымен бірге Ресейдің Батыспен, Қытайдың Батыспен қарым-қатынасындағы қарама-қайшылықтар да бұл аймаққа елеулі ықпал етеді. Батыс Орталық Азияны тепе-теңдік орната алатын, өз мүддесін қорғауға қолайлы аймақ ретінде қарастырады. Бірақ әзірге бұл көбіне саяси деңгейде көрініс табуда. Сондықтан Орталық Азияның айналасында мұндай үрдістердің қалыптасуы таң қаларлық емес. Бұл құбылыс соңғы үш-төрт жыл бойы байқалып келеді, — деді ол eadaily.com жариялаған сұхбатында.