Астанада жеті жол қиылысындағы бағдаршамдардың жұмыс тәртібі өзгертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жаңа режим енгізілген бағдаршамдар:
ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ЖАҢА ТӘРТІП
Полицияның мәліметінше, енді бұл қиылыстарда қызыл сигнал барлық бағытқа бір мезетте 4 секундқа қосылады. Бұл көлік жүргізушілеріне маневрді қауіпсіз аяқтап, қиылысты босатуға мүмкіндік береді.
Авариялық жағдайларды талдау нәтижесінде бағдаршам жұмысының түзетілуінен кейін жол-көлік оқиғаларының саны азайып, өткізу қабілеті артқаны анықталды.
Мысалы, Қараменді би Шақаұлы мен Земляничная көшелерінің қиылысында өзгерістерге дейін 28 жол апаты тіркелген. Олар негізінен қарсы бағыттағы көліктермен солға бұрылған кезде болған. Алайда жаңа тәртіп енгізілгеннен кейін мұндай апаттар тіркелмеген.
Биылғы жылдың басынан бері Астанада 1700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.