Жолаушы құлағы естімейтін такси жүргізушісіне ақшасын төлемей, қашып кеткен

Сырым Қаржас
Видео кадры

Жолаушы таксистің құлағы естімейтінін пайдаланып, жол ақысын төлемей, қашып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Threads қолданушысы желіде жазды. Оның сөзінше, жолаушы Көкшетай-Астана бағыты бойынша таксиге тапсырыс берген, 

- Ол таксистің есту қабілеті нашар екенін пайдаланып, төлемей, қашып кеткен. Видеода таксист жолаушыдан ақша түскенін күтіп отырған. Ақшаны жолаушының әпкесі жіберуі керек болған. Таксист әкемнің жақсы танысы. Адамдар осындай жағдайды пайдаланып кеткені өкінішті. Егер кімде-кім видеодағы жігітті таныса, өтініш ол туралы пікірде жазып кетіңіздерші, – дейді жазба авторы. 

Қазіргі уақытта таксистке ақша жібергісі келетіндер қарасы көбейген. Алайда ол тек жолаушы жол ақысын төлегенін қалайтынын айтқан. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін алматылық блогер Нұрила Аманбаева есту қабілеті нашар такси жүргізушісін мазақ етіп, дауыстап ән айтып, мазасын алған еді. Бұл жағдайдан кейін блогер полицияға жеткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.