Ғалым Нұртаза Қадырниязовты полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы белсенді Абзал Достияр хабарлады. Оның сөзінше, Нұртаза Қадырниязовты бүгін полиция қызметкерлері ұстап Әуезов аудандық полиция басқармасына алып кетті.
- Өзі хабарласып үлгергенде айтқаны әлдекім бұл кісінің үстінен арыз түсірген көрінеді. Нұртаза аға философия ғылымдарының кандидаты, білімді, мәдениетті кісі, біреудің ар-намысына тиетін сөз айтуы мүмкін емес, – дейді Абзал Достияр.
ҒАЛЫМ НЕ ДЕГЕН ЕДІ
Абзал Достиярдың сөзінше, Нұртаза Қадырниязов кейінгі сұхбаттарының бірінде Қазақстанда жүрген қытайлықтарға қатысты айтқан.
- Нұртаза аға соңғы рет Қойшыбек Мүбарак ағамызға сұқбат берген еді, ол сұқбатында былай деген еді: “Қытай мен Қазақстан арасындағы визалық режим жойылғаннан бері елімізге 928 000 қытай азаматтары кіріп алды, егер билік бейғамдық танытса соңы жаман болады, ал Тоқаев жеке өзі ел алдына шығып жер мәселесіне қатысты жауап беруі тиіс”-деген еді. Жалпы бұл кісі қытай азаматтарына мыңдаған гектар жер беріліп жатыр деп дабыл қағып жүргеніне біраз болды. Бүгінгі ұсталуы-сол белсенділігіне қатысты ма жоқ па әзірге белгісіз. Қосымша хабарлайтын боламын, – дейді белсенді.