Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дағы қызметін 2026 жылы аяқтайды

Сырым Қаржас
Фото: Ақорда

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоқаевтың қатысуы

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегациялар мүшелерінің қатысуымен өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.

Не талқыланды

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ 2025 жылы ҰҚШҰ-ның негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басымдықтар айқындалды.

Тасмағамбетовке алғыс

Саммитке қатысушылар ұйымның Бас хатшысы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді.

Жаңа бас хатшы

Отырыс барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылданды.