Жетісуда газ баллоны жарылып, 3 ересек адам және 3 жасар бала күйіп қалды

Ulysmedia

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 13.36-да Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында болған, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Көлемі 5 литрлік газ баллоны жарылып, тұтанған өрт 100 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан 1956 және 1980 жылы туған екі әйелдің денесінің 40-50%-ын күйік шалған, жағдайлары ауыр, реанимация бөлімінде.

1961 жылы туған ер адамның қолы күйген, жағдайы – орташа ауыр.

Ал 2019 жылы туған баланың аяғы мен қолдары күйіп қалған.

ТЖД өрттің толық ауыздықталғанын мәлім етті.