Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қарыз алушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегін ескеруді міндеттейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жаңа ережелер жобасына сәйкес, банктер қарыз алушының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, міндетті әлеуметтік сақтандыруға және басқа да міндетті төлемдерге қарызы бар-жоғын тексеруге тиіс. Бұл мәліметтер қарыз алушының тәуекелдік профилін қалыптастыру кезінде есепке алынады және несие беру шешіміне ықпал етуі мүмкін.
Құжатта көрсетілгендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаннан бері көпшілік азаматтарда тұрақты қаржылық тәртіп қалыптасқанымен, кейбір адамдарда төлем бойынша қарыздар жиналып қалған.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлем жасамау банктер үшін қосымша тәуекелдер туғызады. Себебі міндетті төлемдерді уақытылы немесе әдейі төлемеу қарыз алушының қаржылық жауапкершілігінің төмендігін көрсетеді және оның несие міндеттемелерін бұзу ықтималдығын арттырады», – делінген құжатта.
Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлемеген азаматтар сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмекке қол жеткізе алмайды. Бұл жағдай ауруға шалдығу, еңбекке жарамсыздық немесе мүгедектік туындаған кезде олардың төлем қабілеттілігін төмендетіп, банктер үшін кредиттік тәуекелдерді күшейтеді.
КІМДЕРГЕ ӘСЕР ЕТЕДІ
Жаңа талаптар мынадай көлемдегі несиелерге қолданылады:
Осындай қарыз алушыларға банк кеңейтілген талдау жүргізеді. Енді бұл талдауға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қарыздар туралы ақпарат ресми түрде енгізіледі.