Ресей Қазақстан үшін орыс тілін оқытудың жаңа әдістемесін әзірледі

Сырым Қаржас
culture.ru

Ресей Қазақстан үшін орыс тілін оқытудың жаңа әдістемесін әзірледі. Авторлардың айтуынша, олар орыс тілін және мәдениетін үйретудің әмбебап моделін жасауға тырысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақстандағы орыс тілін оқытудың жаңа стандарттарын жасап, Ресей Білім министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында орыс тілін және мәдениетін үйретудің әмбебап моделін ұсынды.

— Жоба лингвистика мен педагогиканың, орыс тілін ана тілі ретінде және шетел тілі ретінде оқыту әдістемесінің, сондай-ақ мәдениеттану мен әдебиеттанудың қиылысында жүзеге асырылып жатыр. Интердисциплинарлық тәсіл күрделі міндеттерді шешуге көмектеседі деп есептейміз, — дейді университет өкілдері.