Ресей Қазақстаннан келетін астық транзитін тоқтатты

Фото: ЖИ

Қазақстанның астығы Ресей аумағы арқылы уақытша тасымалданбайды. Ресей темір жолдары 7–16 желтоқсан аралығында транзитке шектеу енгізгенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл шектеу ірі логистикалық торап — Новый Порт станциясына әсер етеді. АПК Новости мәліметінше, бұл шешім қазақстандық зығыр жеткізілімдеріне ықпал етеді. Себебі Бельгияға экспортталатын зығыр тұқымының 60%-дан астамы дәл осы Санкт-Петербургтегі теңіз терминалы арқылы өтеді.

СТАТИСТИКА

2025 жылдың алғашқы 10 айында Қазақстаннан Ресей бағытына транзит көлемі 3,2 есе өсіп, 2,2 млн тоннаға жеткен. Ал Балтық порттары арқылы транзит 96%-ға артып, 161 мың тоннаны құрады.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей бағытындағы тасымал Қазақстан үшін маңызды маршрут болып қала береді, бірақ уақытша тыйым мұндай тәуелділіктің тәуекелдерін көрсетіп, тасымал бағыттарын әртараптандыру қажеттігін айқындайды.

Сізге қызық болуы мүмкін