«Қазгидромет» мәліметінше, Алматыда ауа райы құбылмалы болып, жылы күндердің соңы қарға ұласып, суытуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
6 желтоқсан
Күн бұлыңғыр, жауын-шашынсыз. Жел алдымен батыстан, кейін шығыстан соғады, 3-8 м/с. Күндіз: +6…+8°С.
7 желтоқсан
Ауа райы құбылмалы, күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Жел шығыстан соғады, 3-8 м/с. Түнде: 0…–2°С, күндіз: +6…+8°С.
8 желтоқсан
Ауа райы құбылмалы, жаңбыр сіркірейді. Жел оңтүстік-батыстан, 3-8 м/с. Түнде: 0…–2°С, күндіз: +3…+5°С.
9 желтоқсан
Көшпелі бұлт шығады, кей жерде қар аралас жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан, 3-8 м/с. Түнде: –1…–3°С, күндіз: 0…+2°С.
10 желтоқсан
Күн бұлтты, қар жауып, кей жерде бұрқасын болуы мүмкін. Жел солтүстіктен, 3-8 м/с. Түнде және күндіз: –7…–9°С, әрі қарай суытады.
11 желтоқсаннан бастап күн ашық.