Қазақстанда алты ай мерзімге автокөлік жанармайын экспорттауға тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ҰҚК басшыларының 20 қаңтардағы бірлескен бұйрығында:
«Қоспаларды іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытта көзделген бензин бактарында, авиаотынды әкетуді, жағармай майларын қоспағанда, ҚР аумағынан бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автокөлікпен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», – делінген.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.