Мал шаруашылығы саласының сарапшысы Арсен Исламовтың айтуынша, шошқа өсіру үшін Қазақстанды әлемдегі ең қолайлы аймақтардың қатарына жатқызуға болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Исламов бұл пікірін Dope Soz подкастында айтты. Ол Солтүстік Қазақстан облысында шошқа өсіруге арналған заманауи өндірістік кешен жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
— Біз діни мемлекет емеспіз. СҚО-да шошқа өсіруге арналған ең заманауи кешендердің бірі бар. Өнімнің белгілі бір бөлігі ішкі нарыққа кетеді, бір бөлігі экспортталады. Әлем бойынша шошқа шаруашылығы үшін ең үлкен қауіп — африкалық шошқа обасы.
Еуропа да, Қытай да осы індеттен зардап шегіп отыр. Ал Қазақстанда бұл ауру мүлдем жоқ. Инвестор дін факторын ескермейтінін алсақ, планетада шошқа өсіруге арналған ірі өндірістік индустрияны құруға болатын елдер аз. Мәселен, Жезқазғанды алайық: Бір жағынан — солтүстіктен астық жеткізуге болады, екінші жағынан — дайын өнімді сол Жезқазғаннан Қытайға экспорттауға мүмкіндік бар. Бұған қоса, африкалық шошқа індетінен қорықпайсыз, — деді Исламов.
ЕТ МӘСЕЛЕСІ
Еске салайық, бұған дейін Исламовтың Қазақстандағы ет бағасына қатысты ойын жазған едік.