Франция президенті Эммануэль Макрон 2027 жылы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 15–16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президенттің айтуынша, барлық әлеуметтік желіде жас тексеру жүйесі енгізіледі және белгіленген жас шегінен кіші тұлғаларға платформаларға кіруге тыйым салынады.
- Біз барлық әлеуметтік желіде жас тексеруді жүйесін енгіземіз және оны 15–16 жас деңгейінде белгілейміз. Бұл жастан кіші адамдарға әлеуметтік желілерге кіруге рұқсат берілмейді… Осы (тиісті заң жобасы – ред.) бойынша дауыс беру осы мерзім аяқталғанға дейін өтетініне мен толық сенімдімін, – деп жазды Figaro президенттің сөзін келтіріп.
Макрон сондай-ақ бұл заң жобасының өзінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін қабылданатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, үкімет аталған заң жобасын 2026 жылдың басында ұсынып, оны тез арада қабылдатуға күш салмақ. Бұған дейін ол егер Еуропалық одақ мұндай шешім қабылдамаса, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін бұл тыйымды өзі енгізетінін айтқан болатын.
АУСТРАЛИЯ ТӘЖІРИБЕСІ
Еске салайық, Аустралия әлемде алғаш рет 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануға заңмен тыйым салды.