Енді кәсіпорынды мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық кеңесінде «Петропавл жылу желілерін» коммуналдық меншікке беру мәселесі көтерілді, деп жазады pkzsk.info. Кеңес мүшесі Александр Казанцев кәсіпорынның 6,5 млрд теңге көлеміндегі қарызы, оның ішінде валюталық кредиттері бар екенін айтып алаңдаушылық білдірді.
- Коммуналдық меншікке өткеннен кейін ол қалай жұмыс істейді және қаржыландыру қайдан болады? — деп сұрады ол.
Мәселеге облыс әкімдігі баспасөз хатшысы Тимур Жұманов түсініктеме берді.
- Жылу желілері жыл соңына дейін қала балансына өтуі мүмкін. Қазір аудит жүргізіліп жатыр. «Петропавл жылу желілерінің» қарызы бар, олар кредит алған. Қарыз толық өтелмейінше, активті беру мүмкін емес. Берілетін нысан «таза» болуы қажет. Сол кезде әкімдік Петропавл жылу желілерін өз балансына қабылдай алады, — деді ол.
ИЕСІ
«Петропавл жылу желілері» ЖШС — «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның еншілес кәсіпорны. Ал «СЕВКАЗЭНЕРГО» — «ОАЭК» АҚ құрамында. «ОАЭК»-тің бақылау пакеті «ОАТЭК» АҚ-ына тиесілі, оның ірі акционерлерінің бірі — кәсіпкер Александр Клебанов.