Самал Ибраева "жылдың медиа-менеджері" атанды

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Қазақстандық журналист әрі медиа-менеджер Самал Ибраева "Жылдың ең мақсатшыл медиа-менеджері" кәсіби сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Марапаттау рәсімі кәсіби ортада өтті. Жүлдені қазақстандық журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері табыстады.

Айта кетейік, бұл марапат журналистердің бастамасымен берілген. Олар Самал Ибраеваның медиа саласын дамытуға қосқан үлесін, басқарушылық қабілетін және ақпараттық кеңістіктегі жүйелі еңбегін жоғары бағалаған.

Алған марапаты туралы пікір білдірген Самал Ибраева кәсіби қауымдастық тарапынан көрсетілген мойындаудың өзі үшін айрықша мәні бар екенін атап өтті:

“Әріптестердің мойындауы – ең құнды мойындау деп санаймын. Көп рақмет!”

Самал Ибраева — танымал қазақстандық журналист және медиа-менеджер, Ulysmedia.kz ақпараттық-талдамалық порталының бас редакторы. Сонымен қатар 2025 жылғы қазанда ол National Business Kazakhstan іскерлік медиасын іске қосты.