Димаш Құдайберген, HAUSER және Пласидо Доминго бір сахнада өнер көрсетеді

Сырым Қаржас
dimashnews.com

2026 жылғы 18 сәуірде Будапештте Пласидо Доминго, HAUSER және Димаш Құдайберген алғаш рет бір сахнада бас қосады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл бірегей әлемдік премьера заманауи музыкадағы үш бірегей өнерпазды біріктіреді. Кеш бағдарламасында осы жоба үшін арнайы жасалған эксклюзив жаңа аранжировкалар мен бірлескен нөмірлер ұсынылады.

Халықаралық шығармашылық команда инновациялық визуалды дизайн мен озық акустикалық технологияларға негізделген қойылым дайындап, көрерменге естен кетпес кеш сыйламақ. Музыкалық жетекші — Лист сыйлығының лауреаты, классика, кроссовер және симфониялық рок тоғысындағы еңбектерімен танымал композитор әрі дирижер Петер Пейцик.

Толыққанды симфониялық оркестр ритм-секцияның сүйемелдеуімен үш өнерпаздың бірегей музыкалық әлемін барынша ашуға мүмкіндік береді.

КОНЦЕРТ ҚАШАН ӨТЕДІ

Концерт 2026 жылғы 18 сәуірде Будапешттегі MVM Dome алаңында өтеді. 

Билеттер 13 желтоқсан күні сағат 10:00-де сатылымға шығады және сілтеме арқылы қолжетімді болады.