Боранбаев белгілі қақпашының "Қайрат" клубынан неге кеткенін түсіндірді

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қайрат" басшылығы қақпашы Александр Заруцкийдің клубтан не себеп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев футболшының кетуіне жанжал немесе келіспеушілік себеп болмағанын айтты. Оның сөзінше, Заруцкийдің келісімшарты аяқталып, қаржылық талаптарға байланысты әрі қарайғы оны созу мүмкін болмаған.

– Келісімшарт мерзімі аяқталды. Онымен қарым-қатынасымыз өте жақсы, Сашаның командаға қосқан үлесі үшін зор алғыс айтамыз. Алайда клуб жұмыс істей алатын белгілі бір қаржылық шектеулер бар, біз соның аясында әрекет етеміз, – деді Боранбаев Badfootball13 телеграм-арнасына берген пікірінде.

АНЫҚТАМА

Александр Заруцкий — кәсіби футболшы, қақпашы, 2024-2025 маусымында алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Осы кезеңде ол барлық турнирде 23 матч өткізіп, 7 рет қақпаға гол жібермеді және клубтың ең жарқын голкиперлерінің бірі атанды.

Бұған дейін БАҚ-та Заруцкийдің тиімдірек шарт ұсынған «Ақтөбе» клубына ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді.