Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыс Трамптың мәлімдемесінен кейін де тоқтаған жоқ

Сырым Қаржас
AP

Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы қақтығыстар Дональд Трамптың атысты тоқтату туралы мәлімдемесіне қарамастан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ президенті кеше екі елдің көшбасшыларымен келіссөз жүргізіп, олар атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеген еді. Алайда жағдай өзгерген жоқ. Бангкок пен Пномпень бір-бірін оқ жаудырып, азаматтық нысандарға соққы жасап жатыр, деп жазды BBC.

Камбоджа қорғаныс министрлігі тайлық әуе күштерінің қонақүй ғимараты мен шекарадағы көпірге соққы жасағанын хабарлады. Таиланд көпірге жасалған шабуылды растағанымен, өз жағы да ракета атылғанын және бейбіт тұрғындардың жараланғанын мәлімдеді. AFP мәліметінше, Таиланд сенбі күні төрт әскери қызметкерін жоғалтқанын хабарлады. Кейінгі апта ішінде қақтығыс салдарынан 20-дан астам адам қаза тапқан.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Дональд Трамп өз әлеуметтік желісі Truth Social-да Таиланд пен Камбоджаның премьер-министрлері атысты тоқтатып, Малайзия қатысқан бұрынғы бейбіт келісімге оралуға келіскенін жазған еді. Оның сөзінше, екі тарап та бейбітшілікке дайын екенін мәлімдегенімен, атыс әлі оқтаған жоқ.