Ақтау мен Атырау әуежайларында рейстер кешігеді

Сырым Қаржас
Pexels.com

Бүгін, 2025 жылғы 14 желтоқсанда Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы ескертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙ

Бұған өңірлердегі қолайсыз ауа райы себеп болып отыр.

– Air Astana әуекомпаниялар тобының атынан Ақтау және Атырауға ұшатын рейстердің ауа райының бұзылуына және Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын атқару мүмкін болмай жатқанына байланысты кешігіп жатқанын хабарлаймыз, – делінген аталған әуе компания хабарламасында.

Жолаушылар рейс туралы ақпаратты алдын ала ресми сайттан қарап алғаны жөн.

АУА РАЙЫ

Қазгидромет мәліметінше, 14 желтоқсанда:

  • Ақтауда кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге, кей уақытта 30 метрге дейін жетеді;
  • Атырауда да қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады. Желдің екпіні – 23-28 м/с.